«Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар
26
октябрь
2023

«Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар

2023 жылғы 26 қазан айында «Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясының» базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Аталған семинарға «Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы», «С. Макаренко атындағы №6 орта мектеп», «Н. Островский атындағы №8 орта мектеп» және «№16 орта мектеп-гимназия» мұғалімдерінің бірлесіп ұйымдастырылумен өткізілді. Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі бойынша іс -тәжірибемен бөлісу. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдерге тренингтер мен сабақтар өткізілді. Олар семинар қатысушыларымен сабақтарда қолданылатын оқытудың түрлі белсенді әдістерін қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жас педагогтар үшін қызықты тренингтер мен шебер-сыныптар өткізіліп, интерактивті нысандарды пайдалана отырып, семинар жоғары деңгейде өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Cy5hQveLJFT/​​​