«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасының аясында өткен «Білім алушыларды көркем әдебиетке баулудың заманауи жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-тәжрибе тарату » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасының аясында өткен «Білім алушыларды көркем әдебиетке баулудың заманауи жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-тәжрибе тарату
09
февраль
2023

«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасының аясында өткен «Білім алушыларды көркем әдебиетке баулудың заманауи жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-тәжрибе тарату

2023жылдың 10 ақпанында Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында  «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында «Білім алушыларды көркем әдебиетке баулудың заманауи жолдары» тақырыбында аудан, қала мектеп кітапханашыларына арналған облыстық семинар өтті. Семинар оқушыларды қөркем әдебиетке баулудың, қызығушылықтарын арттырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісу мақсатында өткізілді. Семинарға аудан, қала мектептерінің 50-ге жуық кітапханашылар, әдіскерлер қатысты. Семинар қонақтарды тіркеуден басталып, мектеп оқушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ілияс Жансүгіров, Мұқағали Мақатаев  образдарын сомдап өз өнерлерін паш етті. Қонақтар дәлізіміздегі көрмелермен таныс болып, мәжіліс залына қарай өтті.

Семинардың ашылуында мектеп директоры Жумадилова Айжан Медетқызы, облыстық білім басқармасының бас маманы Арысланов Руслан Әлімбатырұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Какимбаева Қарлығаш Демесінқызы сөз сөйлеп, келген барша қонақтарға сәттілік тіледі. Семинарды психологиялық ахуалдан мектеп психологі Ыдырысова А.Қ бастады. Семинар бағдарламасымен директордың әдістеме жөніндегі орынбасары  Серикова Қ.С таныстырып, келесі сөз кезегін мектеп кітапханашысы Нурбекова А.Н алды. Мектеп кітапханасындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарымен, өткізілген іс-шаралар  толықтай таныстырылды. Келесі практикалық бөлімде  мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша қаңтар, ақпан айларында сынып жетекшілер мен жоспарланған іс-шараларды тамашалауға қонақтарды шақырдық. «Менің сүйікті ертегім» бастауыш сынып мұғалімі Ғ.Б Қоржумбаева, «Кітап оқу баспалдағы» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қабылбеков Б.Қ, «Әдеби-лабиринт» квест ойыны қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сулейменова Ж.А, «Тастамашы ана» сахналау қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жапақова М.М жоспарланған сыныптан тыс іс-шараларды қонақтарға тамашалауға ұсынды. Практикалық бөлімнің екінші жартысында шебер сыныпта қонақтарды 4 топқа бөліп «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар құрып, өз жоспарларын қорғау ұсынылды. 5 критерий берілді, сол бойынша жоспар құрып, әр топ келесі топты «Бес жұлдыз» әдісімен бағалады. Бұл бөлімді мектеп директорының орынбасарлары Нургалиева М.С, Серикова Қ.С мектеп кітапханашысы Нурбекова А.Н жүргізді. Келесі бөлімде қонақтарды «Шығармашылық шеберханаға» шақырдық. Бұл жерде жыл бойы  «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында өткізілген іс-шаралардың үздік номинанттары өз өнерлерін көрсетті. «Үздік поэзия», «Үздік жарнама», «Үздік монолог», «Үздік сахналау» «Ұстаздан шәкірт озар» «Үздік оқырман отбасы» номинацияларының өнерлерін тамашалады. Семинар соңында облыстық білім басқармасының бас маманы Арысланов Руслан Әлімбатырұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Какимбаева Қарлығаш Демесінқызы,ауданнан келген әдіскерлер, кітапханашылар кері байланыстарында семинардан алған ерекше әсерлерін  атап көрсетіп, мектеп ұжымына  кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді.