«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ТАБЫСТЫ МЕКТЕП: «МҰҒАЛІМ – ОҚУШЫ - АТА-АНА» ҮШТІК ОДАҚТЫҚТА тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ТАБЫСТЫ МЕКТЕП: «МҰҒАЛІМ – ОҚУШЫ - АТА-АНА» ҮШТІК ОДАҚТЫҚТА тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
16
март
2022

«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ТАБЫСТЫ МЕКТЕП: «МҰҒАЛІМ – ОҚУШЫ - АТА-АНА» ҮШТІК ОДАҚТЫҚТА тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

    • Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
      «Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
      ТАБЫСТЫ МЕКТЕП: «МҰҒАЛІМ – ОҚУШЫ - АТА-АНА» ҮШТІК ОДАҚТЫҚТА тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
      Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды.
      1. «Мектеп – ата-ана – оқушы» үштік одақтың жұмысы бойынша мектептің директоры Жумадилова Айжан Медетқызы қысқаша айтып өтті. Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен іске асырылуын бақылау мақсатында оқу-тәрбие жұмысына талдау жасап, 2021-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН таныстырып, ондағы «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП», «БАЛА ЖӘНЕ ТЕАТР», «АЛТЫН ҚАЛАМ», «БІР-БІРІМІЗГЕ ҚАЖЕТПІЗ» секілді мектепішілік жобаларының іске асырылуы мен ондағы жетістіктерге тоқталып және ең бастысы білім сапасына көңіл бөлу, ал білімді ұрпақ болу үшін тәрбиенің керек екендігін баса айтты.
      2. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабаев Біржан Кенжеханұлы әуелі МЕКТЕПТІҢ МАҚТАНЫШТАРЫНА, «ЖАС ҰЛАН, ЖАС ҚЫРАН», «ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ» ұйымдарының, сондай-ақ, «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» дебаттық қозғалысының нәтижелі жұмыстарын айта кетті. Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың арасындағы «Шылым шегу», «Электронды темекі», «Алкогольдің зияны», «Көшеде, қоғамдық орындарда және ұсақ бұзақылықтың алдын алу» жұмыстары бойынша ата-аналарды құлақтандырды. Барынша бірлесе жұмыс атқаруды ұсынып, ата-аналар тарапынан осы мәселелермен күресу жолдарын тауып, оны шешуде қолдау білдірулерін сұрады.
      3. Құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына (шылым, электронды темекі шегу, кешкі мезгілде көшеде жүру, қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылықтың алдын алу) және ондағы баптар мен айыппұлдар жөнінде полиция аға лейтенанты Рахымбеков Ринат Турдангазинович түсіндірме жұмыстарын жүргізді, осы тұрғыда ерекше мән беріп балаларына қарау керек екендігін ата-аналарға табыстап айтты.
        • 4. «Мейірімділік әлемді құтқарады!» тақырыбында мектеп психологтары А.Ыдырысова мен А.Оразова тренингті ата-аналар назарына ұсына отырып бейнеролик көрсетті және баларына мейірім көзбен қарау қажет екендігін айта кетті.
          Ата - аналар тарапынан оқушылармен бірлесе сенбілік жұмыстарын жасасақ және оларға сәлде болса, тәрбиелеп, еңбекті бағалауға үйретсек - деген ұсыныстар түсті.
          Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің оң ниеттерін білдіріп, мектеп ұжымының дұрыс жоспарда күрделі жұмыстар атқарылып жатқандығына куә болып, әрқашанда қолдайтындықтарын білдірді.