«Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында» «Амал мерекесін» өскелең ұрпаққа дәріптеп, аманат етіп қалдыруды көздеген ұжым басшысы Айжан Медетқызы және қазақ тілі бірлестігі атсалыса қатысты. » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында» «Амал мерекесін» өскелең ұрпаққа дәріптеп, аманат етіп қалдыруды көздеген ұжым басшысы Айжан Медетқызы және қазақ тілі бірлестігі атсалыса қатысты.
14
март
2022

«Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында» «Амал мерекесін» өскелең ұрпаққа дәріптеп, аманат етіп қалдыруды көздеген ұжым басшысы Айжан Медетқызы және қазақ тілі бірлестігі атсалыса қатысты.

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — қазақтардың ежелгі дәстүрі.
Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлең бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлең бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені «Қауышу» салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс екен. 
Осы ілтипат білдіретін дәстүрді насихаттау мақсатында «Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында» «Амал мерекесін» өскелең ұрпаққа дәріптеп, аманат етіп қалдыруды көздеген ұжым басшысы Айжан Медетқызы және қазақ тілі бірлестігі атсалыса қатысты. Келген оқушыларға ұлағатты ұстаздарымыз қауышу мерекесін ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, кішілерге қамқорлық білдіретін дәстүрдің көрінісі екендігінде айтып отырды. «Қауышу» шарасына 500-ден аса мектеп оқушылары қатысты.

https://www.facebook.com/100028976323502/videos/1163031661104583/