Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ-да карантин кезіндегі тәрбие жұмыстары бойынша жүргізілген жұмыстар (01.04-10.04 аралығы) » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ-да карантин кезіндегі тәрбие жұмыстары бойынша жүргізілген жұмыстар (01.04-10.04 аралығы)
27
апрель
2020

Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ-да карантин кезіндегі тәрбие жұмыстары бойынша жүргізілген жұмыстар (01.04-10.04 аралығы)

Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ-да карантин кезіндегі тәрбие жұмыстары бойынша жүргізілген жұмыстар (01.04-10.04 аралығы)

ЕСЕБІ

02.04 күні Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында  «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?» тақырыбында бірыңғай қашықтықтан мектептің  ата-аналар комитетімен  жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі және мектептің 0-11 сынып   арасындағы қатысқан  ата-аналар комитетінің 20  мүшесі қатысты.

Мақсаты: Мектептің ата-аналар комитетін коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттандыру.

   Мектеп директоры Г.Джиренбаева ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндайды. Ең бастысы – ата-аналарға мектептегі оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралып түсіндіріп, мектепішілік жоспармен таныстырып мектеп жаныана call орталықтың құрылғандығы туралы айтып өтті.  Мектеп директоры отбасы жағдайына байланысты сабаққа дер кезінде қосыла алмайтын оқушылар үшін сабақ кестесінің ыңғайланып жасалғандығы туралы   ескертті. 

   Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Далабаева, А. Жумадилова, мектептегі қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оқыту процесінің (үйден оқытылатын оқушылар үшін) қалай ұйымдастырылатыны жөнінде нақты ақпараттар берді.  

Директордың тірбие-ісі жөніндегі орынбасары Р.Молдакулова ата-аналарды қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруға қойылатын кейбір маңызды талаптармен таныстырып өтті.

02.04.күні дәл осы тақырыпта 0-11 сыныптарда  ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысында төмендегідей мәселелер қаралды:

  1. Мектептегі 0-11 сыныптарда, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанның басынан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды  туралы.
  2.  Отбасындағы санитариялық-эпидемиологиялық тазалықты сақтау және алдын алу іс-шараларын күшейту туралы;
  3. білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қоғамдық орындарғабармауын,  спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға қатыспауын қадағалау туралы.

Сынып жетекшілері  өз ата-аналарын сабақ кестесімен таныстырып, мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 8.30 дан, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден дүйсенбіден жұманы қосқанда 30 минутқа дейінгі аралықта жүргізілетіндігі ескертілді.

     Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары қашықтан оқуға вацап желісінің балалар үшін жеңіл әрі қолайлы екендігін сынама сақтар өткенде байқағандықтарын айтып, сонымен жұмыс жасауды ұсынды.

     5-9 сынып жетекшілері ата-аналарға Zoom, күнделік kz жүйесімен, Bilim Land сайтымен қалай жұмыс жүргізу керектігін түсіндірді.

     10-11 сынып оқушыларының ата-аналары балаларының сабаққа қажетті ресурстарды іздегенде  кез келген сайтқа қиналмай кіріп, еркін жұмыс жасай алатындықтарын айтты.

Бастауыш сыныптар бойынша жиналыс өткізген сынып жекекшілер   саны:  29

 (0 сыныпты қосқанда)

Қатысқан ата -аналар саны- 440

5-9 сыныптар бойынша сынып жетекшілер саны- 26 

Қатысқан ата-аналар саны- 400

10-11 сынып жетекшілер саны- 6

Қатысқан ата -аналар саны- 90

Мектеп бойынша барлық қатысқан сынып жетекшілер - 61

Барлық ата-аналар саны- 930








03.04 күні Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында 0-11 сыныптарда «Мен қашықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді.

     Жалпы мектеп бойынша барлық  0-11 сыныптарда  сынып сағаттары өткізілді.

Бастауыш сыныптар бойынша сыныптар саны:  29

 4 (0 сыныпты қосқанда) қатысқан оқушылар саны-95

1- 4 сыныптарда қатысқан оқушылар саны-642(669)

5-11 сыныптар бойынша сыныптар саны-32 

5-11 сыныптарда қатысқан оқушылар саны-633(687)

Мектеп бойынша барлық қатысқан сыныптар саны:  61

Мектеп бойынша барлық қатысқан оқушылар саны: 1370 (0 сыныптарды қоса есептегенде), жалпы қатысуы бойынша 94,41% құрайды.

Барлық оқушылар саны – 1356 (төрт 0 сыныпты қоспағанда- 95) 



 Тәрбие жұмысы бойынша барлық іс-шаралар Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында жасалған жоспар бойынша жүргізіліп келеді. 

1.Оқушылардың үйде білім алу жағдайындағы қауіпсіздігін одан әрі нығайту мақсатында күнделікті ата-аналармен сынып жетекшілер арқылы байланыстамыз.                

2.Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын қадағаланып, әр аптаға мониторинг жүргізіледі. 

3.Аз қамтылған отбасы балаларының қашықтан оқуға қатысу жағдайы апта сайын әлеуметтік педагогтың бақылауында.бақылауда 

4.Әр отбасына мектеп медбикесімен бірігіп үй жағдайында жеке бас тазалығын қатаң сақтауға арналған хабарламалар мен кеңестер, жаднамалар жіберілді және қажетті жағдайда сынып жетекшілері арқылы вацап желісіне жүктеліп тұрады.

5.06.04-10.04  аралығы оқушылар мен ата-аналар үшін бейімделу апталығы болғандықтан  Жоспар бойынша алдыңғы аптадан бастап оқушылар мен ата-аналардың үйдегі көңіл-күйлерін (сабаққа құлшыныстарын) нығайту, демеу мақсатында үй жағдайында орындауға лайықты іс-шаралар ұйымдастырылады.

6. Мектеп психологтары, логогпед, дефектологтар тарапынан ата-аналарға арналған тренингтер мен кеңестер жүргізіліп, өз кестелері бойынша жеке оқушылармен жұмыстар жүргізілуде.

7. Ата-аналарға демеу болу, әр отбасындағы жағдайды білу және қажетті жағдайда қол ұшын беру мақсатында ата-аналар комитеті тобы құрылды. Вацап желісі арқылы құрылған топ “Пайдалы кеңестер” тақырыбында мектеп психологтарымен   бірлесіп қызықты кеңестерді бөлісуде.

Оқушылардың карантин кезеңіндегі қашықтықтан оқыту бойынша психологиялық түзете дамыту жұмыстары туралы 

АҚПАРАТ

2020 оқу жылында  16 наурыз – 06 сәуір аралығында мектеп оқушыларына   ата -аналарға ,мұғалімдерге қашықтықтан  оқыту бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп тапсырмалар беріліп, түзету  мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 

Мектеп психолгының мақсаты:

Мектеп оқушыларына қашықтықтан  білім беру бағдарламасы мазмұнын меңгеруіне уақытылы арнайы көмек көрсетуде  онлайн жүйесі бойынша танымдық процестеріне түзету,жекелей жұмыстар ата-аналармен мұғалімдермен жұмыс жүргізу


Жұмыстың негізгі бағыттары: 

Диагностикалық бағыт
 Мақсаты: Тұлғаның жеке және психикалық даму ерекшеліктерін, сондай-ақ даму динамикасын зерттеу.

Түзету және дамыту бағыты
 Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы  жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.

Психологиялық консультация, кәсіби кеңес жүргізу
 Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді қашықтықтан шешуге көмек көрсету.

Психологтың  қашықтықтан оқыту жүйесіндегі  жұмыс бөліктері

   -оқушылармен ватсап арқылы  жұмысы;
    -мұғалімдерге кеңес, жаднама  жұмысы;
    -ата-аналарға кеңес, жаднама жұмысы.

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен қашықтықтан үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген. Мектеп оқушыларына және ата-аналарына жүйелі психолог  ретінде қашықтықтан  қызмет көрсету үшін ол объекті туралы  толық мағлұмат алынды. Бұл мағлұмат оқушымен жеке жасалатын диагностика барысында жиналып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.  .

Төртінші тоқсан бойынша педагогикалық қызмет қашықтықтан оқыту бойынша жоспарға сәйкес келесі бағыттарда жүргізіліп жатыр: зерттеу, бақылау, психологиялық медициналық педагогикалық кеңес беру, түзете – дамыту және білім беру. Карантин уақытына байланысты мектеп оқушыларының психологиялық ахуалын жақсарту үшін балаларға түзете дамыту жұмыстары арқылы көмек беріп жатырмыз

Сонымен қатар 2019- 2020 ж.ж аралығында түзету сабақтарына қатысқан оқушыларға тиісті тапсырмалар ватсап желісінде берілді,   Мектеп оқушылары  диагностика жүргізіліп, түзете дамыту сабақтарына қашықтықтан оқыту арқылы диагностикалық және коррекциялық жұмыстар жүргізіліп   жатыр.

  Психологтар: А.Ыдырысова, А.Оразова 

2020 оқу жылында оқушылардың карантин кезеңіндегі қашықтықтан оқыту бойынша дефектологиялық және логопедиялық түзете дамыту жұмыстары туралы АҚПАРАТ

2020 оқу жылында  16 наурыз – 06 сәуір аралығында бастауыш сынып және инклюзивті оқыту бойынша түзету жұмыстарын қажет ететін оқушыларының  жұмыстарының жоспарына сәйкес баланың ақаулықтарын түзетуде онлайн жүйесінде тапсырмалар беріліп, түзету  мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 

Мектеп дефектолог-логопедтің мақсаты:

Мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беру бағдарламасы мазмұнын меңгеруіне уақытылы арнайы көмек көрсетуде  онлайн жүйесі бойынша танымдық процестеріне түзету жұмыстарын жүргізу барысындағы консультациялық кеңес беру

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді түрде жұмыс жүргізілуде. 

2020  оқу жылында педагогикалық қызмет жоспарға сәйкес келесі бағыттарда жүргізілді: зерттеу, бақылау, психологиялық медициналық педагогикалық кеңес беру, түзете – дамыту және білім беру. Карантин уақытына байланысты мектеп оқушыларының дефектологиялық, логопедиялық ахуалын жақсарту үшін балаларға түзете дамыту жұмыстары арқылы көмек беріп жатырмыз

Сонымен қатар 2019- 2020 ж.ж аралығында түзету сабақтарына қатысқан оқушыларға тиісті тапсырмалар ватсап желісінде берілді,   төртінші тоқсанда бастауыш сыныптары оқушылары кезек бойынша 06 сәуір айында  ата – анасы өтініші арқылы диагностика жүргізіліп, түзете дамыту сабақтарына қашықтықтан оқыту арқылы диагностикалық және коррекциялық жұмыстар жүргізілді. 

              Ш . Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп гимназиясындағы дефектолог маманының   қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша 2020 оқу жылына арналған түзету жұмыс кезеңіндегі кеңестік жұмыс кестесі 

Баланың аты- жөні

Сынып

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1

Абақан Айжан

7 «Б»



15.00-15.20



2

Құдайберген Нұрсұлтан

1 «А»





15.00-15.20

3

Амангельдиев Ислам

7 «А»



15.30 -15.50



4

Мақажан Алихан

1 «В»




15.00-15.20


5

Мұрат Ерасыл

1 «В»


15.00-15.20




6

Әнуарбек Омархан

1 «В»




15.30 -15.50


7

Қабдраш Ермұрат

1 «В»


15.30 -15.50




8

Дюсембаев Нұрдос

5 «Б»



16.00-16.20



9

Советбеков Шыңғыс

3 «Ә»

15.00-15.20





10

Изтилеуов Диас

3 «Ә»

15.30 -15.50





11

Мұхтар Нұрай

1 «А»





15.30 -15.50

12

Нұржанқызы Нұрай

1 «Б»

16.00-16.20





Дефектолог М.Насырова, логопед Т.Курмангалиева


Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы КММ –сі әлеуметтік педагогтың қашықтық оқытудағы жұмысы бойынша

ЕСЕБІ

            Қашықтықтан оқыту кезеңі басталғаннан бері мектептегі аз қамтылған, көпбалалы отбасы арасынан көмекке мұқтаж үйінде ноутбук, интернет желісіне қосылмаған отбасыларын сынып жетекшілерімен бірігіп анықтадық. Мониторинг барысында быршама отбасы анықталды. Солардың ішінде аз қамтылған отбасынан- 2 балаға , көпбалалы отбасынан – 4 ,оның ішінде мемлекет атаулы көмек алатын 3 бала, жетім – 1 балаға ноутбук берілді. 

            Интернет желісі бойынша тұрғын үй аумағында интернет желісі қосылуына мүмкін емес болған жағдайда смартфон арқылы интернет желісіне шығатыны анықталды. Демеушілік көмек арқасында 1 көпбалалы отбасына тегін интернет желісіне қосылуына тапсырыс берілді. Тапсырыстың орындалуын күнделікті сынып жетекшісімен бірге қадағаланып отыр.

Мектеп поштасына келген хаттар күнделікті тексеріліп отыр. Сынып жетекшілерімен үздіксіз байланыс жүргізіліп жатыр. Ватсап қосымшасына ата-аналардан түрлі сұрақтар қойылып жауап алуда, ата-аналармен байланыс жүргізілуде.

                                                                                                                   М.Нуркежанов