16
март
2022
«№10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы атынан пікір.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16.03.2022 жылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауына «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы атынан пікір.
Мемлекет басшысы өз жолдауында «Біз өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек» деп сөзін бастады. Мемлекет басшысының кезекті халыққа жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын жаңа бағдарламалар, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар айтылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік бөлінісі бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру, Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру-экономикалық ғана емес, рухани жағынан да маңызды шешім деп атап өтті. «Үшіншіден Алматы агломерациясына қатысты маңызды мәселелерге тоқталып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай болуы керек және алдағы уақытта Қапшағай қаласының атауы «Д.А.Қонаев» деп аталатындығы туралы айтты. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болатындығы айтылды. Бұл жетісу халқы үшін аса жағымды жаңалық деп есептейміз. Халыққа жаңа жұмыс орындары, әлеуметтік-экономикалық мәселелер тиімді шешімін табады деп үміттенеміз. Сонымен қатар еліміздің ата заңы конституцияның 30 дан астам бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігіне тоқталып, ағымдағы жылдың соңына дейін 20 дан астам заң қабылданатынын, конституциялық сот құрылатындығын атап өтті. Бұл әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болатындығына сенім білдірді. Саяси жүйені кешенді жаңарту бағдарламасын ұсынып, «Супер президенттік моделден-президенттік парламенттік моделге» көшу, президент туыстарының мемлекеттік басқару қызметтеріне орналасуына рұқсат жоқ, парламенттің рөлін күшейту үшін президент ешқандай партияға мүше болмайтындығы, сенаттағы президент квотасын азайтып 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқаратындығын атап өтті. Біз мызғымас бірілігіміздің арқасында бірлігімізді қорғап қалдық деп «қаралы қаңтар» оқиғасы туралы айтып, кінәлілер толық жауапқа тартылатындығы, қауіпсіздік мәселелерге де тоқталды. Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағытымыздан айнымаймыз, болашаққа үлкен сеніммен қадам басамыз-деп халыққа сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауымен таныса отырып, еліміздің болашақта алға қарай дами беретіндігіне Президенттің көреген саясатының арқасында қол жеткізетіндігіне сенім білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,
Еліміз еңселі
Ел болашағы жарқын болсын!