Құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу
16
апрель
2024

Құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу

16.04.2024 жылы 8-11 сынып оқушылары арасында ДТІЖО Коржумбаева Ғ.Б., ЮПТ Исенова кәмелетке толмағандың істері жөніндегі инспекторы және АӘжД пәнінің мұғалімі Заманбеков Д.Д. қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Исенова Ж.Б. келесі ауқымды мәселелерге тоқталып өтті:
- Электро самокаттарды жүргізу барысында қойылатын талаптар мен шектеулер;
- Кешкі сағат 22.00-ден кейінгі уақытта көшеде, көңіл көтеретін орындарда жүру уақытының шектеуі;
- Әкімшілік құқықбұзушылық баптары;
- электронды темекі, насыбай, темекі, алкоголь, спиирттік ішімдіктерінің т.б. психотропты улы заттардың адам ағзасына зияны және қаупі жайында толық мәліметтер беріліп, бейнебаяндар көрсетілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нуртаев Абзал Нартаевич су тасқыны және су басуы туындау қауіпі кезіндегі жүргізілетін ережелерді,тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
АӘжД пәнінің мұғалімі Заманбеков Д.Д. пәнінің мұғалімі төтенше жағдайда оқушылар қауіпсізідігінің іс-шараларына тоқталды.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу​​​