09
апрель
2024
Таза Қазақстан” экологиялық акциясы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.
Елде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бастау алды. Оның аясында мектеп ұжымы тазалық шараларын ұйымдастырып, сенбілік өткізді. Сыпыру, қоқыстарды жинау, шығару, ағаштардың түптерін қопсыту жұмыстары жасалды.
🇰🇿Туған жеріміз бен өзіміз өмір сүріп жатқан елдімекен мен қалаларды жасыл желекке айналдыруға бірге атсалысайық!